Баспана қымбаттауы мүмкін

Зейнетақы қорынан ақша алып қажеттілікке жарату кімдерге тиімді? Ашығын айтайықшы жинақтағы есеп-шотқа миллиондап теңге жинағандар бүкіл ел емес қой. Өткен аптада еңбек министрлігі мәлімдеді 721 мың адам. Бұл экономикалық белсенді халықтың оннан біріне де жетпейді. Және бұл қадам келесі жылдан бастап қолға алынады, бірақ қазірдің өзінде экономист мамандар дабыл қағып жатыр. Елде баспана бағасы қымбаттауы мүмкін. Себебі сол 721 мың адамның 80 пайызы ақшаны пәтер алу үшін алмаса мұрынымызды кесіп берейік дегендей сенімде. Яғни ақша жинай алған азшылық үй алады, ақшасы аз көпшілік тағы да сан соғып қалады. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top