Елбасы жолы: Темір тау

Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының өмірі жіне еңбек жолы жайындағы 4 бөлімдік киноэпопеяның 2 және 3 бөлімі. Алғашқы бөлімі елбасының балалық шағынан сыр шертсе, бұл екі бөлімдік «Елбасы жолы» киноэпопеясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың студенттік жылдары, алғашқы еңбек жолы баяндалады. Фильмде басты кейіпкер Теміртауға келіп, металлургтер қаласының құрылысына атсалысады. Кейін Украинаның Днепродзержинск қаласына оқуға аттанады. Ол жаңа достар табады. Жаңа ұстаздарымен танысады. Дипломды қолына алғаннан кейін Отанға оралып, еңбек жолын бастайды. Оның Отандағы еңбек жолы республика және одақтық партия басшылығындағы елеулі өзгерістер мен республиканың тарихындағы қиын кезеңдерге тап келеді...
Back to Top