Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді

Бүгінгі сайлауға Тұңғыш Президент-Елбасы да келіп, өз таңдауын жасады. Атап өтерлігі, бұл жолы Нұрсұлтан Назарбаев ширек ғасырдан астам уақыттан бері алғаш рет президенттікке үміткер ретінде емес, қарапайым сайлаушы ретінде дауыс берді. Елбасы сағат 10-нан 20 минут кеткенде, Оқушылар сарайында орналасқан № 58 сайлау учаскесіне кірді. Алдымен сайлаушылар тізімінде белгіленіп, бюллетень алып, кабинаға өтті. Өз таңдауын жасаған соң Тұңғыш Президент шетелдік және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының алдына шығып, осы сайлауға қатысты ойымен бөлісті. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top