Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің концерттік маусымының ашылауы

2021 жылдың 7 қазан күні, сағат -да “Шалқыма“ концерт залында Тәттімбет атындағы Академиялық қазақ халық аспаптары оркестрінің XXXIV концерттік маусымының ашылуы өтті. Бағдарламада қазақ, орыс және шетел шығармалары орындалды. Тәттімбеттің “Сарыжайлау“, Е.Нұрымбетовтың “Дара тұлға - Нұрғиса“, “Қосбасар“ күйлері, С.Тұрысбековтың “Ақжауын“, Глюктың “Ифигения в Авлиде“ операсына увертюрасы, Поль Марианың “Фигаро“, сонымен қатар, Б.Қыдырбектің “Түрксой шапағаты“ сынды туындылары көрермен назарына ұсынылды. Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Полатхан Тәшімов, халықаралық конкурстардың лауреаттары Айгүл Аужанова, Гүлмира Тапай, Рысты Рахымжан, Динара Әлиевалар өнер көрсетті. Дирижерлар - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбдуғалисын Шоқанбаев және «100 жаңа есімі жобасының» жеңімпазы Ерлан Бақтыгерей. Сонымен қатар, жас дирижер Әбілқайыр Сағымбаев та өнер көрсетті. Оркестрдің орындауында Қазанғаптың “Көкіл“, Қ.Ахмедияровтың “Күткенде“, А.Копландтың “Хоу даун“ шығармалары орындалды. ______
Back to Top