Депутатты жүргізушісі тонап кеткен

Алакөлдің суын ластаған қонақ үйдің қожайыны, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Мұрат Әділхановты Алматыда тонап кетті. Өзін соққыға жығып, ақшасы мен құнды заттарын алып кеткен. Күдіктілер көп ұзамай қолға түсіпті. Олар - оның жүргізушісі мен бұрынғы оққағары екен. Ағайындылар алдын ала сөз байласқан көрінеді. Келтірілген залал көлемін жәбірленуші 15 миллион теңгеге бағалауда. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top