“Сарыағаш“ арасаны

1959 жылдың 4 қаңтарында «Үлкен Сарыағаштың» жобалау құны есептелді. «Ескі курорттан» 1,5 шақырымдай солтүстікте, Келес өзенінің сол ж¬ағалауына жақын жерден бой көтерген жаңа жоба жүздеген адамның қажырлы еңбегінің арқасында жүзеге асырылды. 1959 жылдың 1 наурызында басталған «Үлкен Сарыағаштың» құрылысы араға төрт жылдан астам уақыт салып, дәлірек айтсақ, 1963 жылдың 16 қарашасында пайдалануға берілді. Осы игілікті істің жүзеге асуына Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың қосқан үлесі орасан.
Back to Top