Еңбекке жарамсыздық парағын төлеу

Еңбекке жарамсыздық парағын төлеу (ЕЖПТ) қызметін енді мобильді қосымшада онлайн ресімдеуге болады. Күніне 5000 тг төлейміз. ⠀ ЕЖПТ дегеніміз не? Жұмыскерден бастап зейнеткерге дейін барлық тұлғаларға арналған сырқаттанған жағдайда немесе жазатайым оқиға кезінде көрсетілетін қаржылық қолдау. Қызмет 12 ай мерзімге ұсынылады. ⠀ Ақшаны қашан алуға болады? Сырқаттану себебімен (COVID-19-ды қоса алғанда) немесе жазатайым оқиға кезінде еңбекке жарамсыздық парағы 7 күннен астам мерзімге ашылса, қызмет бойынша төлем жасалады. ⠀ Бұл қалай жұмыс істейді? Мысалы: Қайрат футбол ойнау барысында жарақаттанды, ол 40 күнге еңбекке жарамсыздық парағын ашты. Төлем 7-күннен 40-күнге дейін жасалады: 34 күн х 5 000 тг = 170 000 тг Қайрат дұрыс ем алып, қосымша 170 000 тг алды. ⠀ ЕЖПТ қалай ресімдеу керек? Қажетті сілтеме: — толық ақпаратты оқып, ұсынылған нұсқаулықтарды басшылыққа алыңыз.
Back to Top