Жамбыл облысында өрістегі малды қарумен атып алған ұрылар ұсталды

Жамбыл облысында әккі ұрылар қолға түсті. Барымташылар Мойынқұм ауданында өрісте жайылып жүрген малды қарумен атып алған. Кейін бауыздап, сирақтарын шауып, түлік етін тұтастай тасымалдаған. Полицейлер ұрыларды «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралінде ұстады. Күдікті автокөлікті тоқтатып тексеру кезінде 4 сиырдың тұтас еті, пышақ, балта мен атылған оқтың гильзалары табылды. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, малды ұрлағандар Тұрар Рысқұлов ауданының екі тұрғыны болып шықты. Бұған дейін бірне
Back to Top