Теңіз кен орнының жұмысшылары ПТР-анықтаманы қолдан жасаған

“Теңіз“ кен орындағы жұмысшылардың әрекеті әшкере болды. Олар “коронавирусқа шалдықпаған“ деген ПТР анықтаманы қолдан жасапты. Бұл туралы компанияның қоғаммен байланыс жөніндегі бас менеджері Ырзабек Артығалиев мәлімдеді. Қолдан жасалған құжаттың көмегіне жүгіндердің дені- мердігер ұйымның қызметкерлері екен. Олар санитарлық бекеттен жалған тест анықтамасымен өтпекші болыпты. Қулыққа барған жұмысшылардың әрекеті туралы компания дереу тиісті мекемелерге хабарлаған. Әрі қарай тексеріс жүреді дейді компания өкілі. “Теңіз“ кенорындағы жағдайға келсек, аумақта карантин шаралары күшейтілген. Ауысымдық жұмысқа келгендер мен қайтатындардан ПТР сынама алынады. Бұған дейін Атырау облысында коронавирус індетін жұқтырғандардың 80 пайызы осы кен орнында тіркелгендігі айтылған еді. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
Back to Top