КАНАЛҒА ТІРКЕЛ / ПОДПИШИСЬ НА КАНАЛ:
Солтүстік Қазақстан облысында бақташы жетіспеушілігі мал бағуға түк кедергі емес.
Өйткені өңір шаруалары цифрлық құрылғылардың көмегімен осы проблеманы шешкен. Қазір ірі қараларды электрондық бақташы бағады. Ал бос жүрген Қамбар ата төлдерін тұрғындар телефонмен онлайн бақылап отыра береді. Бұл алдымен мал ұрлығын алдын алуға сеп болып отыр.
Олег Адам – өңірде алғашқылардың бірі болып, малын электрондық бақташыға бақтыра бастағандардың бірі. Ол үшін 350 гектар аумақты 9 киловольттық арнайы сыммен қоршаған. Ірі қаралар қазаннан-мамырға дейін осында жайылады.
Олег Адам, шаруа қожалығының жетекшісі:
- Құрылғыны Канададан сатып алдық. Қазір 30 градустық аязда мал далада жүре береді. Ең бастысы өздері топырақты құнарлатады. Жазда мал жайылған жерден біз азықтық шөпті үш есеге көп аламыз. Оның үстіне бұл аумаққа сегіз камера орнаттық. Осылайша қазір сандық технологияның жемісін көріп отырмыз.
АРНАМЫЗДЫҢ ҮЗДІК ЖОБАЛАРЫ