Дінімізде 7сі, 40қы, жүзі, жылы деген нәрсе жоқ.

Бауырлар! Біздің ислам дінімізде 7сі, 40қы, жүзі, жылы деген нәрсе жоқ. Ол християндардан қалған нәрсе. Олай ысырап қылып тоқ жүрген адамдарға тамақ берген дұрыс емес. Қабыл болмайды. ________________________ Алла Тағала Құранда: Және мүлде ысырап қылмаңдар. Шынында ысырапқорлар шайтанның туысы. Ал шайтан, Раббыңа өте қарсы. Исра сүресі «26-27 аяттар» ________________________ Одан да сол асқа кеткен ақшаны, тамақты жағдайы жоқ, көптен бері ет жемеген, жетім-жесірлерге берген үлкен сауап болады. _________________________ Бір кісі Пайғамабарымыздан (ﷺ): Исламдағы ең жақсы іс не?-деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ): 《Қарны аштарды тамақтандыруың және танығаныңа да, танымағаныңа да сәлем беруің》,-деді. (Бұхариден жеткен хадис). (Имамдар! Осы Арман Қуанышбай сияқта тақырыпты бұрмаламай ашып айту керексіздер!)
Back to Top