Айдаһар жылы

Бұл фильм Зия Самадидің “Мәйімхан“ атты тарихи туындысының желісінде түсірілген. Фильм желісінің негізгі оқиғасы 19 ғасырдың ортасында орын алған ұйғыр халқының ұлт- азаттық көтерілісі. Ахтам атты жас жігіт бастаған халық көтерілісі дайындалып жатыр. Осы бір қилы кезеңде, бас кейіпкер Мәйімхан атты жас қызды кездестіреді. Ол да өз халықының азаттығы жолында ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі еді. Ендігі кезекте екі жас бірігіп қытай-маньчжур басқыншыларына қарсы ұлт- азаттық көтерілісін басқарады. Бірақ бұл көтерілістің аяғы өте қайғылы жеңіліспен аяқталады. Бұл көтерілістің жеңіліс табуының себептері күштердің теңсіз болғандығы ғана емес, көтерілісшілердің өз іштеріндегі алауыздығы болды. Басшылыққа талас, өзара түсініспеушілік, күштердің теңсіздігі, сатқындық мұның барлығы да 19 ғасырдың ортас тұсында орын алған ұйғыр халқының қытай- маньжчур басқыншыларына қарсы ұлт- азаттық көтерілісінің өте бір қайғылы трагедиямен аяқталуына әкеліп соғады.
Back to Top