Ойжұмбақ 2 | Ресми трейлер | Қазақша мультфильм 2024

Көптен күткен Диснейдің ресми қазақша дубляжы да оралды 🥳🎉🎉🎉 #Ойжұмбақ2 фильмінің ресми трейлерін ұсынамыз! Disney және Pixar студияларының «Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмінде көрермен бой жетіп қалған Райлимен қайта қауышады. Кейіпкердің санасында күтпеген жерден пайда болған жаңа эмоцияларға орын босату үшін Бас бөлімде күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Кейіпкердің эмоциялық жағдайын бұрыннан басқарып келе жатқан Қуаныш, Қайғы, Қорқыныш пен Жиіркеніш күтпеген жерден жаңа сезім – Мазасыздық пайда болған кезде не істерін білмей абдырап қалады. Оның үстіне жаңа эмоция жалғыз келмеген секілді. Режиссёр Пит Доктер мен продюсер Джонас Ривераның 2015 жылы шыққан бірінші «Ойжұмбағы» үздік толық метражды анимациялық фильм ретінде екі бірдей жүлде – Оскар»®️ мен «Алтын глобусқа»®️ ие болды. «Ойжұмбақ 2» эмоцияға толы шытырман оқиғасы кинода 2024 жылдың жазынан бастап көрсетіледі! Қазақстанда прокатқа шығарылатын күні: 2024 жылдың 14 маусымы. Біздің әлеуметтік желімізге жазылуды ұмытпаңыз! ► @QazaqshaSoile ► ► #Ойжұмбақ2 #Disney #Pixar #InsideOut2 #QazaqshaSoile #ҚазақшаМультфильм2024 #ЖаңаТрейлер #ҚазақшаМультфильмдер #НеКөругеБолады #ЖаңаТрейлер
Back to Top