ЭКО-ға бөлінетін квота 7 есеге артады

Елімізде әрбір 6-шы отбасы бала сүю бақытынан айырылған. Бұл ресми статистика. Әдетте сандар одан да көп болады. Әйтсе де, табиғи жолмен перзент көру пешенеге жазылмаса, қолдан келер қайран бар. Ол ЭКО. Яғни жасанды ұрықтандыру жолымен нәрестелі болу. Апта басы Президенттің аузынан бұл мәселеге қатысты ақжолтай жаңалықты естіді жұрт. Өз жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев ЭКО-ға берілетін мемлекеттік квота санын 7 есеге арттырып, 7 мыңға дейін жеткізуді тапсырды. Үкімет осы мақсатта келер жылдың басынан «Аңсаған сәби» арнайы жобасын жүзеге асыруға міндеттелді. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top