ҚЫЗЫҚ ПРЕМИЯ 2023 ТОЛЫҚ КОНЦЕРТ | Қызық Live

ҚЫЗЫҚ ПРЕМИЯ 2023 ТОЛЫҚ КОНЦЕРТ | Қызық Live Каналға жазыл / Подпишись на канал “Қызық Times» жобасының жаңажылдық қалжың марапаты телевизия маусымының дәстүрлі әзіл-оспақ қорытындысы, қазіргі барлық оқиға мен оған себеп болған адамдар тоғысқан логикалық финалы болды. Алтыншы жыл қатарынан “Қызық Премия“ көрермендер арасында да, шығармашылық ортада да үлкен резонанс тудырады. Жаңа жыл қарсаңында ең қатты күтетін іс-шаралардың бірі болып, Қызық Премия көру жаңажылдық дәстүрге айналып келе жатыр. Барлығына белгілі премиялардың ережелеріне сәйкес өтуі керек секілді болған. Бірақ бұл “Қызық Times” бағдарламасы мен “BAS production” студиясының премиясы болғандықтан, аталған жобада әдеттегілік пен бос сөзге орын жоқ! Астарлы ирония, батыл эксперименттер және көңілді импровизация - “Қызық Премияның“ басты ерекшелігі. Жоба авторлары әрі жүргізушілері Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек жыл бойы оқиғалар ортасында жүрген және жақсы көңіл-күйге себепші болғандарды өздеріне тән ирониялық және қалжың формасында марапаттайды. Жылдың ең көп талқыға түскен адамдары, эстрада жұлдыздары, танымал саясаткерлер, сондай-ақ әлеуметтік желінің көмегімен аяқ астынан жұлдыз атанғандар жоба қатысушысы болады. “Үздік беташарист“, “Ең қымбат махр“, “Сенсация 2023“, “Үздік хит“, “Жыл фразасы”, “Сенім”, “Үздік ән”, “Краш 2023”, “Камбэк”, “Жыл адамы-2023“ секілді қалжың номинациялар концерттің негізі әрі қызыл сызығы. Биылғы Қызық Премия алдыңғы жылғыдан өзгеше болды, себептердің бірі 3000 халықпен бірге Республика алаңында өтті 🔥 Бағдарламаның тұсауын, әлеуметтік желіде хит беташарист Нұраддин Пахрадинов ашты. Қарақалпақстан өкілі өзінің АЗИЗ ЖАН дар туралы беташарымен барлық залда отырған әртістерге арнау айтты. Алғашқы Номинация “ЕҢ ҚЫМБАТ МАХР“ желіде танымал блогер Дамеля Суит Damelya Sweet ке бұйырды. Дамеля бақыт МАХРмен өлшенбейтінін айтты НЕЖДАНЧИК немесе СЕНСАЦИЯ 2023 номинациясында жеңімпазды атақты комментатор Ермұхамед Мәулен жариялап, премияға Қазақстан Футбол құрамасының ойыншылары Асхат Тағыберген және Абзал Бейсебеков иеленді. Залда отырған Қуат Хамитовтың оған көзқарасы бөлектеу болған сияқты. Десек те Семейлік жанкүйер апамыз Қуат Хамитов пен Футболистер тату болсын деп тілек айтты. Бата беріп Қазақстан Футболистеріне сәттілік тіледі. Сахнада Асха Принц және желіде танымал Зейнұр ПУСТОЙ КВАДРАТ әнін алғаш рет бірге орындады. ЖЫЛ ФРАЗАСЫ. Желіде дауысы танымал бірақ түрі таныс емес жандар сахнаға шықты “Ибұңқы“, “Ема білгенін істеп жатыр“))) Калифарния ән айтып жатқанда фонограмма өшіп қалып қызық болды. Kalifarniya Пуэрто Рико өкілдерінен сыйлық алды. Али Окапов КАМБЭК 2023 номинациясында ұтып награданы қайтарып беріп көрермендерді таң қалдырды. КРАШ 2023 атағына Садраддин, Еркебұлан Тоқтар, Санжар Ташкенбай, Шерхан Пірназар сонымен қатар BayGuуs, Жездуха мен Мошенники“ сериалының актері Рүстем Омаров таласты. Одан бөлек әзілкештер Қанат Әлжапбаров пен Қуандық Шәкіржановта дәмелі екенін көрсетті. Қанат әлжаппаров Қызық Премия жобасында алғаш рет қатысып халықты күлкіге қарық қылды. Сонымен қатар Тұрар мен Мирас Жугунусов КРАШ болуға лайық екенін айтып таласты. NNN Нұрдәулет те шетте қалмады. ОРТА АЗИЯ ЖҰЛДЫЗЫ. Кеш қонағы Қырғызстан елінен келген Мирбек Атабеков болды. Көпке белгілі “Кешкі Бишкек” әнін сомдады және Мәкең «Орта Азия жұлдызы» номинациясына ие болды. Мирбек Атабеков бүкіл Қазақстанға танымал Қайрат Нұртас, Төреғали, АЙқын т.б. әртістер орындайтын әндердің авторы. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХИТ. Грузия елінен келген қонақтар. Желіде танымал Nikos Band Kartuli Disco Georgien Disco әнін орындады. Жыл патриоты номинациясын Нұрлан Қоянбаев Қызық Премия сахнасында кішкентай Айлинге тапсырып қуантты. Бүкіл Зал Нұрлан Қоянбаев пен Айлинді қолдап Қазақстан әнұранын бірігіп айтты. Сонымен қатар Қызық Премия жүргізушілері Нұрлан Қоянбаевқа Қазақ Киноиндустриясына қосқан үлесі үшін премиясын ұсынды. Нұрлан Қоянбаев сахнада бұл оның өміріндегі ең алғашқы Премия екенін айтты. Осы жылдың ең үздік хиты «Таптым ау сені» фильмінде саунтрек болған, Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың орындауындағы «Сезім үшін» атанды. Жүргізушілер: Марат Оралгазин - Еркебулан Мырзабек - #ҚызықПремия #ҚызықПремия2023 #ҚызықTimes #қызық
Back to Top