ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚҰЛАҒАН ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНДАРЫ ПӘТЕРЛЕРГЕ КӨШІРІЛІП ЖАТЫР Құлаған жатақханадан мектепке эвакуцияланған отбасылар жерг

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚҰЛАҒАН ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНДАРЫ ПӘТЕРЛЕРГЕ КӨШІРІЛІП ЖАТЫР Құлаған жатақханадан мектепке эвакуцияланған отбасылар жергілікті билік есебінен жалға алынған пәтерлерге көшіріліп жатыр. Қазіргі таңда тұрғындар 6 айға уақытша баспанамен қамтамасыз етілуде, бұған қажетті қаржы жергілікті бюджеттен бөлінеді. Естеріңізге сала кетейік, 28 ақпан күні Қызылордада Титов тұрғын ауданы 16А жатақхананың бос тұрған бір бөлігі құлап, жатақхана тұрғындары «Мұрагер» мектебіндегі эвакуациялық бекетке орналастырылған болатын. Аталған жағдайға байланысты құрылған арнайы комиссия, бұл отбасыларды заң талаптарына сәйкес баспанамен қамту үшін әр жанұяның жағдайын зерттеп жатыр. Сонымен қатар, құлаған жатақхананы бұзу туралы шешім қабылданды. Бұл жағдай әкімдіктің жіті бақылауында.
Back to Top