«Древний Римдегі» кісі өліміне күдікті Гурурян Ресейде ұсталды

Қарағандыда бұзақылық әрекет жасады және адам өлтірді деген күдікке ілінген армениялық Нарек Гурурян бүгін ұсталды. Бұл туралы ІІМ Сыртқы және ішкі коммуникация департаментінің директоры Алмас Сәдубаев мәлімдеді. Күдікті Ресейдің Омбы облысының аумағынан ұсталған. Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралуда. Нарек Гурурянның жасы 22-де. Оған 3 қаңтарда халықаралық іздеу жарияланған болатын.
Back to Top