Семейде 9 айлық сәби дәрігерлердің салғырттығынан көз жұмды

Тағы да бала өлімі! Семейде 9 айлық сәби дәрігер салғырттығынан көз жұмды. Бұл туралы шарананың анасы мәлімдеп отыр. Келіншектің сөзінше, қазан айының 9-ы күні баласының жағдайы күрт нашарлап, іші өтіп, құсқан. Зәре-құты қашқан анасы жедел жәрдемге хабарласқан. Алайда дәрігерлер баланы тексерместен, «Жұқпалы аурулар ауруханасына» жеткізген. Бірақ ақ халаттылар нақты себебін түсіндірместен, сәбиді қалалық медициналық университеті ауруханасына жөнелткен. Ең сорақысы, сәбиді 15 минут бойы ешкім қарамаған, дейдің анасы. Сонымен қатар, хирург, педиатр, невропатологқа тексеруге жібергенімен, мамандар ауруханаға жатқызудан бас тартқан. Салдарынан, бүлдіршін 10-на қараған түні белгісіз аурудан көз жұмған. Қазіргі таңда сәбидің өлімінен не себеп болғаны белгісіз. Осы ретте Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқарамасы тексеріс бастаған.
Back to Top