Ескірткі саудасы ызып тр

Әлемде есірткі пайдаланушылардың саны 200 миллион адамға жеткен. Ол бүкіл жер шарының 3,4 пайызын құрайды. Бұл Біріккен ұлттар ұйымының дерегі. Ал еліміздегі есірткі қылмысына қарсы департаменттің мәліметінше, қазір республика бойынша есірткі қолданатын 3 мыңға жуық кәмелет жасына толмаған жасөспірім тіркеуде тұр екен. Көбісі синтетикалық есірткі пайдаланушылар. Мамандар олардың бағасы арзан, ал зияны шаш-етектен дейді. Алайда өздері сол есірткі саудалайтын ғаламтордағы «саудагерлерге» тосқауыл бола алмай отырғанын мойындап отыр. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top