Арысқа алаңдаған Үкімет

«Арыстың 39 мың тұрғыны өз бетімен қаладан шығып кеткен. 3 мыңға жуық адамды ғана эвакуациялай алдық». Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысында айтты. Қазір снарядтар ұшып жатқандықтан, әскери бөлім қоймасындағы өртті сөндіру қиын болып тұр екен. Сондай-ақ жарылыс қаупі әлі де бар дейді министр. Ал Үкімет басшысы Арыстағы қазіргі жағдайға қатысты ақпараттарды тыңдап, министр мен əкімдерге тапсырма берді. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top