Кең болсаң, кем болмайсың!

📖 Алла Тағала «Фуссилат» сүресінің 34-аятында былай дейді: «Жақсылық пен жамандық тең болмайды. Жамандықты жақсы ісіңмен жолға сал. Сонда ғана сенімен дұшпандығы бар қас адам, өзіңнің сырлас (өте жақын) досыңдай болып кетеді». Біреу сізге негізсіз қатты тіл тигізіп жатса, сіз осы сәтте қандай жағдайда болуыңыз керек? Әрине, ең біріншіден ұстамдылық қажет. Өзіңізді сол кісінің дәрежесіне түсірмей, яғни оған қарсы ашу көтермей, қатты ызаланып тұрсаңыз да өзіңізді ұстай алдыңыз, демек бұл сіздің бойыңызда тақуалықтың сипаты көрініс таба бастады деген сөз. Адамның осындай келеңсіз сәттерде өзінің ашуын басуы немесе үндемей қалуы сырттай қарағанда оның дәрежесінің түсіп кеткенін көрсетуі мүмкін. Жоқ, әсте олай емес. Алла сабырлы пенденің дәрежесін көтереді. Халқымыз: «Кең болсаң, кем болмайсың», «Кең пейілді кемімес, тар пейілді кеңімес», «Ұлық болсаң, кішік бол», – деп босқа айтпаған. @muftiyatkz #muftiyatkz
Back to Top