«Ботай құпиялары» Қазақанимация ШБ ұсынады

Кеш жарық, достар! Жас анимация режиссерлерлерінің кезекті премьерасын бірге тамашалайық! 🥳 Асхат пен Федор-жазғы археологиялық лагерьге баратын сыныптас достар. Лагерьде барған күннен бастап, екеуінің өмірінде шытырман сәттерге толы мистикалық оқиғалар орын ала бастайды. Көне құдық түбіндегі қыш құмыраны тауып алу - оқиғалар тізбегін одан сайын шиеленістіреді. Достарға бұл қиындықтарды жеңуден басқа амал қалмайды... Біздің жаңа мультфильмімізді тамашалап болған соң, өз әсерлеріңізбен бөлісіп, пікір білдірсеңіз нұр үстіне нұр!
Back to Top