Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап

Жылдан-жылға 10 тамыз күні қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы - Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының туған күні аталып келеді. Өлеңді сөздің патшасы санаған кемеңгердің дүниеге келгеніне биыл 174 жыл. Осы атаулы күні, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің қызметкерлері Абайдың ескерткіші орналасқан Чистопрудный бульварына жиналып, ақынның өлең жолдарын еске алды. Бүгін, Мәскеудің нақ төрінен орын тепкен ұлы данышпан мүсіні жанында «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» атты өлеңі шырқалды. Қабыл алыңыздар!
Back to Top