#abai175 ҰЛЫ АҚЫН АБАЙДЫҢ ӨЛЕҢДЕРІН ОҚУ ЭСТАФЕТАСЫ: «ERTIS» ФУТБОЛ КЛУБЫ

«Ertis» футбол клубының ойыншылары ұлы ақын, дана ойшыл, ағартушы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай басталған челленджге ат салысып, «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақта» өлеңін оқып берді. Павлодарлықтар эстафетаны алматылық «Қайрат» және «Ақтөбе» футбол клубтарына жолдады. Еске сала кетейік, осы күні әлеуметтік желілерде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқу науқаны жүргізілуде. Бұл челленджді желі қолданушылары таратып жатыр. Челлендж ақынның мерейтойына байланысты #abai175 хештегімен белгіленген. Аталмыш, бастаманы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, белгілі әнші Димаш Құдайберген және өзге зиялы қауым өкілдері қолдады. Күн сайын челленджге қатысушы, белсенділердің саны артып келеді.
Back to Top