«103» нөмірі тұтқаны көтермейді

Соңғы күндері жедел жәрдем шақыру машақатқа айналды. «103» нөмірі тұтқаны көтермейді, көтерсе де, кезекті сағаттап күтуге мәжбүр боласыз. Осындай шағымдар еліміздің әр өңірінде көптеп кездесуде. 103-тің мамандары кей жағдайда бригада жіберудің орнына тек ақыл-кеңес берумен шектеліп жатыр. Шынымен елдің бәрі аурып, қоңыраудың көптігіне байланысты жедел жәрдем үлгермей жатыр ма, әлде, басқа себептер бар ма? Өйткені қоңырауы жауапсыз қалған кейбіреулер мұның бәрі үстемақысын ала алмаған қызметкерлердің жұмысқа шықпай қоюынан дейді. Кімге сенеміз? Расында билікке өкпелеген фельдшерлер шақыртуға әдейі бармай, кезекшілер телефонды алмай қоюы мүмкін бе? 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top