Арыстағы барлық ақпарат ашық болуы тиіс

Арыста атқарылып жатқан жұмыстар мен мәліметтер шынайы әрі ашық болуы керек. Аймақ әкімдігіндегі жиында Өмірзақ Шөкеев қол астындағыларға осындай тапсырма берді. Ал, алапат жарылыстан астаң-кестеңі шыққан шаһар біртіндеп қалыпқа келуде. Бүлінген алты мыңнан астам үйдің 500-ден көбі жөнделген. Бұған 41 құрылыс компаниясы мен төрт мыңнан астам жұмысшы тартылған. Олар жұмысты 1 тамызға дейін аяқтауы тиіс. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top