Мына екі аятты оып, кз тиюді айтар! / Шейх Хасан ли

Сіздерге көз тию туралы айтайын. “Көз өту“, “көз тию“ дейді. Ағылшын тілінен тікелей аударғанда “evil eye“ - “жаман көз“ деп аударылады. Енді жаман көз деп айтып отырған көзіміз жаман адамда ғана болмайды. Жаман ниеті болмаған адамның өзі, сіздің жақыныңыз, сіздің туысыңыз, сізді жақсы көретін адамыңыз, тіпті әке-шешеңіздің көзі сізге тиюі мүмкін. Ата-анаңыздың көзі тиюі мүмкін. Әйеліңіздің көзі тиюі мүмкін. Ондай да болады. Достарыңыз, жақындарыңыздан көз тиюі мүмкін. Жаман ниеті болмаса да, көз тиюі мүмкін. Көз тиюге қатысты мысал келтірейін. Менің үлкен ұлым, осыдан 10-12 жыл бұрын, ата-әжесінің үйіне жиі баратын. Аллаға шүкір,, ұлымның сөйлеуге қатысты,, ешқандай кемшілігі жоқ. Ата-әжесіне барып келгеннен кейін, ұлым кекештеніп сөйлейтін. Тілі күрмеліп, кекештеніп сөйлейтін.
Back to Top