Бақара сүресі | үйіңізді жын шайтаннан тазартыңыз |

Бірнеше хадис шәрифте былай делінген: «Бақара сүресін оқыған адамға жаннатта бір тәж кигізіледі.» (Бәйһақи) «Барлық нәрсенің шыңы бар. Құранның шыңы – Бақара сүресі. Түнде оқылатын болса үш түн, күндіз оқылатын болса үш күн ол үйге шайтан келе алмайды.» (Әбу Йала, Табарани) «Бақара сүресінің әр аятымен сексен періште түскен. “Аллаһу ла илаһа илла һуәл Хаййул қаййум” Аршы аланың қабатынан шығарылып жеткен.» (И. Ахмед) «Құран сүрелерінің абзалы – Бақара сүресі. Бақара сүресінің аяттарының ең үлкені – Аятәл күрси. Шайтан Бақара сүресі оқылғанын естіген үйден шығып кетеді.» (Рамуз) «Жындардың қанішерлеріне Бақара сүресіндегі мына екі аяттан қатты тиетін нәрсе жоқ. “Уә илаһукум илаһун уахидун”-нен басталатын екі аят.» (Дәйләми) «Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар, намаз оқыңдар. Шайтан Бақара сүресі оқылған үйден қашады.» (Мүслим) «Сөздердің мырзасы – Құран, Құранның мырзасы – Бақара сүресі. Бақараның мырзасы – Аятәл күрси.» (Дәйләми) «Құранды оқыңдар. Өйкені Құран, оқығандарға қияметте шапағат ету үшін келеді. Екі жарқын сүре болған Бақара мен Али-Имран сүресін оқыңдар. Өйткені, бұл екі сүре қияметте екі бөлік бұлт, екі көлеңкелі жер немесе сап түзеген екі топ құс сияқты оқығандардың және үкімдерімен амал еткендерді жақтау үшін келеді. Бақара сүресін оқуды жалғастыру – берекет, тәрк ету – қасірет. Еріншек адамның мұны тұрақты оқуға күші жетпейді.» (Мүслим) Әмәнәррасулу деп аталатын аяттар – Бақара сүресінің соңғы екі аяты. Аятәл күрси 255-ші аяты. Бірнеше хадис шәрифте былай делінген: «Аятәл күрси – аяттардың сәйиді (үстемі). Бір жерде оқылған кезде шайтан ол жерде тұра алмай міндетті түрде қашады.» (Хаким)
Back to Top