Жаңа кәріс телехикаясының тұсаукесері - “Мың уәде“!

Сон Ён жарлы отбасында дүниеге келіп ерте жетім қалды. Ата-анасынан айрылғаннан кейін інісінің қамын ойлау соның мойнында. Қиындыққа қарамастан, ол өз дегеніне жетті. Күтпеген жерден ол Джи Хён деген жас және бай жігітті кездестіреді. Жігіттің ықпалды ата-анасы бұрыннан оған қалыңдықты тауып қойса да, әлгі жігіт Сон Ёнға ғашық болады. Қарым-қатынастары сәтсіздікке ұшырағанын ғашықтар түсінеді. Үйлену тойының алдында Джи Хён Сон Ёнмен қарым-қатынасын үзеді. Алайда, Сон Ён бұрыннан ауыр сырқатта екен...
Back to Top