Текелі жұрты наразы

Текелі тұрғындары шаһарға су мен кәріз жүйесін тартқан мердігер мекемеге наразы. Әрі жұмысты бақылауға алмаған жергілікті билікті кінәлап отыр. Көшелерімізді қазып, жүретін жолымызды құртты. Арықтарды да көміп тастады, - дейді. Соның салдарынан таудан аққан су аулаларына жайылады екен. Әсіресе, күз бен көктемде қиналатындарын айтады. Арнамызға хабарласып, көмек сұраған Алматы облысы тұрғындарының шағымын тілші тыңдап қайтты. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top