“Ұлттық қор-балаларға“ бағдарламасы бойынша алғашқы нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар
Сайтқа сілтеме -
“Ұлттық қор-балаларға“ бағдарламасы бойынша БЖЗҚ-ға алғашқы нысаналы талаптар (18 жасқа дейінгі балаларға) есептелініп, нысаналы жинақтау шоттарына алғашқы нысаналы жинақтар (2024 жылы 18 жасқа толатын балаларға) түсті.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағдарламаға 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша кәмелетке толмаған, Қазақстан азаматы болып есептелетін барлық балалар қатысушы ретінде тіркелді.
Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны - 6 919 131 бала (қоса алғанда, ж. бастап ж. дейін туылған балалар). Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады (қоса алғанда, ж. бастап ж. дейін туылған балалар).
Олардың барлығына өткен жыл үшін Қазақстанның Ұлттық қорынан 100 АҚШ доллары және 52 центі мөлшерінде бірдей сома есептелді.
Бұл тек алғашқы есептеулер екенін түсіну маңызды!!! Жыл сайын бұл сома Ұлттық қор активтерінің өсуі және инвестициялық кіріс алу есебінен ұлғайып отырады. Бұдан бөлек, есептелген қаражат Ұлттық қордың валюталық активтерінің құрамында инвестициялануын жалғастырады және Бағдарламаға қатысушы балаларға олар 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық кіріс әкеледі.
1 view
1649
448
5 months ago 00:02:14 1
“Ұлттық Қор - балаларға” бағдарламасы бойынша бейненұсқаулық
11 months ago 00:00:21 1
Бала басқа елде туылса, бірақ Қазақстан азаматтығын алса, ол Ұлттық қордан қаражат алуға құқылы ма?
11 months ago 00:03:10 1
“Ұлттық қор-балаларға“ бағдарламасы бойынша алғашқы нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар
3 years ago 00:02:12 4
Неміс халық ертегісі «Шеге» | Немецкая народная сказка «Шеге»
4 years ago 00:37:34 1
2021 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің ерекшеліктері мен өзгерістері