Тойды сағынған қазақстандықтар ортада тост айтып, би билеуді әлі біраз күтетін сияқты. Еліміздің бас санитар дәрігері биыл елімізде той-томалаққа тыйым салынатынын айтты. Ал мұндай көңілді кештерді жас жұбайлардан да асыға күткен асабалар мен мейрамхана иелері шығынға шаш етектен батып жатыр. Қоғам белсенділері тойдың уақытша тоқтауы халықтың өз ақшасын үнемдеп, қаражатын жинауға септігін тиізеді десе, экономистер мұны жамандыққа балап отыр.
#1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан