«Құрылысшылар» гүлзары

Петропавлда абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде істелініп жатыр. 2 жылдың ішінде 5 гүлзар халық игілігіне берілді. Сондай-ақ, биыл шаһардың «Коммунхоз Петропавл» коммуналдық кәсіпорын қызметкерлерімен 10920 шаршы метр аумақты алып жатқан жерге гүлдер, 2181 ағаш отырғызылды. Осы жылы құрылысшылар күнінде Ярослав Гашек көшесі бойында жаңа гүлзар ашылды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл жер отбасымен серуендеп демалуға таптырмас орын.
Back to Top