Терминкомның құзыреті мен мәртебесін көтеру керек. Сонда ғана бекітілген терминдер кеңінен қолданылады. Тіл маманы, ғалым Шерубай Құрманбайұлы мәжілісте өткен «Рухани жаңғыру: қазіргі қазақ терминологиясы» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда осындай ұсынысын жеткізді.