Петропавлда самокатшының қатысуымен 2 жол-көлік апаты болды

Соңғы уақытта Петропавлда жаңбырдан кейін қаулаған саңырауқұлақ құсап самокаттар қаптап кетті. Оны ермек көргендер жолға шыққанда жауапкершілікті ұмытып жатады. Облыс орталығында соңғы уақытта осы самокатшылардың қатысуымен 2 оқиға болған. Біріншісінде өзі көлік астына түссе, екінші жағдайда қарт әйелді қағып өткен.
Back to Top