Астанада жоғалған оқушының денесі құдықтан табылды

Астанада тағы бір бала төтенше жағдайдың құрбаны болды. Ақпанның 16-сы күні жоғалып кеткен 13 жастағы Бақдәулет Өмірханның денесі құдықтан табылды. 3 күн бойы елорда ғана емес, ел болып Бақдәулеттің аман-есен үйге оралуын тілеп едік. Оны табу үшін жүздеген ерікті жұмылып, іздеу жұмыстарын күн демей, түн демей жүргізді. Ең өкініштісі, Ішкі істер органдары мен еріктілер «40-станция» деп аталатын мекеннің айналасын түгел тінтіп жүрсе, Бақдәулет 3 күн бойы үйінен 200 метр қашықтықтағы құдықта жатыпты. Жасөспірі
Back to Top