Өзбекстан Республикасының Түркістанға тартуы. Жаңа мешіт құрылысы.

ТҮРКІСТАНДА СӘУЛЕТІ ЕРЕКШЕ ЖАҢА МЕШІТ САЛЫНУДА. 🕌 Түркістан қаласына кіреберісте әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған еңселі мешіт бой көтеруде. Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыстық нақышта жүргізілмек. Түркі әлемінің рухани темірқазығы, қасиетті Түркістан қаласында салынатын жаңа ғибрат орнында 5 000 жамағат бір мезгілде сәждеге бас тигізіп, құлшылық ете алады. Ал жалпы сыйымдылығын қоса алғанда 7000 орынға жоспарланған. 55/60 метр ұзындықта 1500 орын жертөле, 2500 орынды үлкен зал және 3000 адамдық 4 қабатты балкон бар. 2020 жылдың ақпанында басталған мешіт құрылысын 2023 жылы аяқтау жоспарланған. Мұнда 62 метрлік 4 мұнара, ақ мәрмәр тасты 2 дәретхана, 2 субұрқақ және медресе болады. Мешіт құрылысы заман талабына сай озық үлгіде жүргізілмек. Ислам орталығының жалпы көлемі – 20 000 шаршы метр. Мешітте мұсылмандық жораларды жасайтын орындар, конгресс-холл, неке сарайы, 400 орындық медресе, кітапхана, асхана салынады. Қазіргі таңда, Өзбекстан Республикасының Түркістанға тартуы ретінде бой көтеретін құлшылық үйінің тас қалау, күмбезді монтаждау жұмыстары аяқталған. Қазіргі таңда әрлеу, монтаждау, электрмен қамту және өзге де жұмыстары атқарылуда. SHORTS TURKISTAN: БІЗГЕ ТІРКЕЛ ДЕ, ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІН ТАНЫ! INSTAGRAM: ВК: FACEBOOK: #мешіт #мечеть #узбекистан #туркестан #жаңамешіт #новыймечеть #мешітжаңалығы #мешітқұрылысы #мешітсалу #turkistan #turkistantv #городтуркестан #туркестанскаяобласть #түркістаноблысы #shortvideo
Back to Top