Күзгі Kaspi Жұма-2022: үш күнде қазақстандықтар 2 млн астам тауар сатып алды

10 қарашада еліміздің жетекші телеарналарында 2022 жылғы 4 - 6 қарашада өткен Kaspi Жұманың қорытындысы туралы сюжет шықты. Бұл Kaspi Жұма да рекордты жаңартты. Оған бүкіл Қазақстан бойынша 100 000-нан астам дүкен қатысты. Үш күннің ішінде қазақстандықтар жиһаз мен көлік дөңгелектерінен бастап косметика мен зергерлік бұйымдарға дейін 2 миллионнан астам әртүрлі тауарды құнын 24 айға бөліп төлеп, сатып алды. Kaspi Жұмада барлық зат тегін жеткізу қызметімен сатып алынды. Kaspi Жұма – сатып алушылар үшін тиімді сатып алу, шағын және орта бизнес үшін сатылымды арттыру мерекесі!
Back to Top