Армандастар. Ержан Танаев

Көп қабатты үйлердің қабырғаларында бейнеленген суреттерді кім салғанын білесіздер ме? Бүгінгі «Армандастар» жобасының кезекті кейіпкері – Ержан Танаев. Қазақ өнерінің қасиетін сезіндіріп, ұлттық бояу¬дың ерекшелігін көрсететін граффити-суретшінің жұмыстарын сіз бен біз күнде тамашалаймыз. Жалпы Қазақстанның түрлі қалаларында 30-дан астам алып суреті бар. ⠀ Т. Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясын «кескіндеме» мамандығы бойынша бітірген Ержанның қылқаламынан бейнелеудің түрлі салалары бойынша өнер туындылары жарық көрді. Өзін «бақытты жанмын» деп санайды. Өйткені сүйікті ісімен айналысады. ⠀ - Далада төзуге, жел болуы мүмкін, күн астында сурет салу оның барлығынан біз өткенбіз. Біз үлкен қалаларда салғаннан кейін сол суреттер жергілікті халыққа мұра ретінде қалатын болғандықтан, жұмыстарда позитивті энергетика қалдыруға тырысамыз, - дейді өзі. ⠀ Ержан Танаевтың қылқалам шебері ретінде қалыптасуына танымал отандық суретшілер Қанафия Темір-Бұлатұлы Телжанов пен Жанатай Шәрденов әсер еткен. Айтуынша, одан әр
Back to Top