Ауыл оқушылары автобустың жоқтығынан үш күннен бері мектепке бармаған

Шымкентте бүтіндей бір ауыл оқушылары автобустың жоқтығынан үш күннен бері мектепке бармаған. Ал қалалық білім бөліміндегілер шалғайдағы мектепке қатынап оқитын оқушыларға өткен жылдың қараша айында қоғамдық көлік береміз деп уәде еткен еді. Алайда шенеуніктер сөздерінде тұрмады дейді ата-аналар. Ашуға булыққан тұрғындар ақыры қалалық білім бөлімінің алдына жиналды.
Back to Top