7 КҮНӘ АДАМДЫ ҚҰРДЫМҒА АПАРАДЫ

#уағыз #уағызқазақша Бірде Пайғамбарымыз (ﷺ): «Құрдымға жіберетін жеті үлкен күнәдан сақтаныңдар»,- деді. Сонда сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі (ﷺ)! Ол жеті нәрсе не?», - деп сұрады. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Аллаға серік қосу, сиқырлық, жазықсыз адам өлтіру, өсімқорлық, жетімнің малын жеу, соғыс майданынан қашу және ары таза мүмін әйелге жала жабу», - деп жауап берді. (Бұхари, Муслим) Уағызды айтқан ұстаз Ернар Мәжен
Back to Top