Тендердегі қитұрқылық: 155 мың теңгеге 3 бетперде сатып алынған

Келер жылдан бастап Пара бергендер немесе беруге әрекет жасағандар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. Жемқорлыққа қарсы реформалардың төртінші кезеңі аясында енді әлем елдерінде сынақтан сәтті өткен стандарттар басшылыққа алынбақ. Оның ішінде жаңағы пара беруге әрекет жасау, уәде ету, заңсыз баю сияқты жайттар бойынша азаматтық құқықтық жауапкершілік қайта қаралмақ. Айта кету керек, пара бергені үшін қылмыстық жазаға тарту мәселесі елімізде 2012 жылдан бері көтеріліп келеді. Халық айтса қалып айтпайды. Алтын көрсе періште жолдан таяды. Бүгінгі күнде бұл мақалдың адресаты көбіне шенді шекпенді және сол үлкен ақшаның айналасында жүргендер. Тіпті кішігірім тендердің өзінен жырып, тиын-тебен жасап қалғысы келетін адам жоқ десе ешкім сенбейтіндей жағдайға жеткендейміз. Биыл мемлекеттік сатып алулардан пайда табамын деп заңды белден басқандар саны былтырдан да көп. Демек пандемия кезінде жемқорлық көбейсе, оны Пендемия жылы деп те айдарласақ болар. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top