Өскемен мектептерінде ата-аналарға арналған ағылшын тілі курстары ашылды.

Өскемен қаласының мектептерінде ағылшын тілін білмейтін ата-аналарға тіл үйрету курстары ашылды. Алғаш рет қолға алынған шара арнайы жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде жүзеге асып отыр. Мәселен, үй жұмысын орындау кезінде өз баласына ата-ананың 56 пайызы көмек көрсете алмайды екен. Осыдан кейін ұстаздар тарапынан түскен ұсынысты көбі қолдаған. Сабақ тегін, аптасына екі рет жүргізіледі. Кешкі алтыда баласын мектептен алып кетуге келген ата-ана бір сағат уақыттарын осы жерде өткізбек. Тәжірибелі шетелдік ұстаздар дәріс оқып, сабақ үйретеді.
Back to Top