Алматы облысының Кеген ауданындағы табиғаттың ғажайып сыйы қытайлық БАҚ-тардың да назарын аударуда.

Алматы облысының Кеген ауданындағы табиғаттың ғажайып сыйы қытайлық БАҚ-тардың да назарын аударуда. «Бұл негізі жердің астынан атқылап шығатын артезиан суы. Осы су қыс мезгіліне қарай ернеуі биіктеп, қатып, 14 метрге дейін көтеріліп, ортасы қуыс мұз төбешікке айналады. Сол төбесіндегі тесіктен шыққан су буы жанартаудан атқылаған түтінге ұқсайды. Бұл таңғажайып көріністі тамашалауға жергілікті тұрғындар мен алыс-жақыннан туристер жиі келетін болған», - деп жазады CNR. Естеріңізге салар болсақ, табиғаттың осы бір керемет құбылысы жайлы қазақстандық телеарналар мен ақпараттық агенттіктер, сайттар мен әлеуметтік желі қолданушыларының парақшарынан бөлек, ресейлік “НТВ“ телеарнасының жаңалықтарынан да сюжет көрсетілген болатын. “Мұз жанартауы“ Алматы облысының Кеген ауданындағы Кеген және Шырғанақ ауылдарының арасында орналасқан.
Back to Top