чсмм

Қонаев қаласында Ұлы Отан соғысына қатысқан жалғыз ардагер апа бар. Оксана Бетебаева зұлмат жылдарында медбике болған. Талай майдангерге көмек беріп, өлімнен арашалап қалған. Бүгін кейуананы Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі Департамент өкілдері 8 наурыз мейрамымен құттықтап, сый-сияпаттарын табыстады.
Back to Top