«Даналық әліппесі» жасалды

Қазақ балаларына ертегіні енді ата-әжесі емес, сөйлейтін кітап айтатын болады. Елімізде тұңғыш рет жарыққа шыққан «Даналық әліппесі» деп аталатын оқу-тәрбие кешені арқылы кез келген жеткіншек ана тілінде бесік жырынан бастап, бабалар сөзіне дейін тыңдай алады. Оқу құралы өскелең ұрпақты ұлттық дәстүрде тәрбиелей отырып, бала бойына халық даналығын сіңіретін 12 кітаптан тұрады. Оған қоса домбыра мен қобыз үнін шертіп, халық ертегілерін, аңыздар, жырлар мен халық тағылымдары жайлы сөйлейтін қаламы да бар.
Back to Top