Кәкімбек Салықовтың 90 жылдығы аталып өтілуде

Биыл өңір мақтанышы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Кәкімбек Салықовтың туғанына - 90 жыл! Жерлес ақынның мерейтойы Петропавлда кең көлемде аталып өтілуде. Бүгін С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада көрнекті тұлғаның туысқандары мен көзін көрген аға буын өкілдері жиналып, Кәкімбек Салықовқа қатысты естеліктерімен бөлісті. Жастар жағы болса, талант иесінің шығармаларынан жарыса үзінді оқыды. Алтынай Қазиқан баяндасын.
Back to Top