Тартылып жатқан Жайық Арал теңізінің кебін кие ме?

2006 жылдан бастап Жайық өзенінің деңгейі түсе бастаған. Судың азаюының басты себебі - Ресейде бөгеттер мен су қоймаларының құрылысы. Жайықтың жағасында, одан таралған айдын-көлдер маңында тұратын халық ауыл шаруашылығы мен мал өсіруге су жетпей, құрғақшылық болып жатқанын айтады. Су бойындағы тұрғындар мемлекеттен шет қалмауын және ілеспе шаралар қабылдауын сұрайды.
Back to Top