5 баласынан айырылған ата-анаға осы аптада пәтер беріледі

Бір түнде 5 бірдей бүлдіршінен айырылып, қара жамылған ата-анаға осы аптада пәтер кілті берілетін болды. Ақпарды арнамызға «Әзірет Сұлтан» мешіттің найб-имамы Қуат Ерғалиұлы жеткізді. Қазір Алла үйінің атынан ашылған есеп шотына 13 млн теңге жиналыпты. Әрі қарай картаның транзиттік лимиті шектеліп, операция тоқтаған. Дегенмен, Ситерлер отбасының қайғысына бей-жай қарамағандар әлі де мешітке қолма-қол ақшасын әкеліп жатыр. Тақырыпты тілшіміз Құралай Пионер тарқатады. Біздің сайт - Facebook
Back to Top