БАСПА ІСІ ЖӘНЕ МЕДИАДИЗАЙН: ҚАЗІРГІ ТРЕНДТЕР, ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕГІ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінде қазақ баспасөзі безендіру ісінің негізін қалаған көрнекті ғалым, ұстаз, жазушы, публицист, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Әбілфайыз Ыдырысов оқуы аясындағы «Баспа ісі және медиадизайн: қазіргі трендтер, проблемалары және келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті. Конференция мына бағыттарды қамтыды: • Ұлттық баспа ісінің заманауи дамуы; • Медиадизайн: мәселелері, артықшылығы және келешегі; • Қазақстандағы электронды кітап нарығы:ізденістер мен іркілістер; • Виртуалды коммуникация және мультимедиа; • Кадр даярлау мәселелері; • Профессор Ыдырысов шығармашылығы, ғылыми зерттеулері және мұралары. Бұл шара дәстүрлі «Ыдырысов оқулары» аясында өткізілді. Конференцияға Әбілфайыз Ыдырысовтың отбасы, туыстары, әріптестері, шәкірттері, журналистика факультетінің оқытушы-профессорлары, белгілі баспагерлер, дизайнерлер, студенттер мен магистранттар, докторанттар қатысты. Конференция барысында Журналистика факультеті Басп
Back to Top